Home page > News > Чемпиондарға – құрмет, бапкерлерге – алғыс
4
Чемпиондарға – құрмет, бапкерлерге – алғыс

Қ. Жұбанов университетінде ҚР XIII жазғы Универсиадада жеңіске жеткен студенттер мен олардың бапкерлерін ұлықтауға арналған салтанатты кездесу өтті.

2025 жылғы 10 мамыр мен 13 маусым аралығында Түркістан қаласында өткен универсиадада еліміздің 79 жоғары оқу орны арасынан университетіміз 5 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль иеленіп, 13-орынды қанжығасына байлады.

Бұл – табандылықтың, үздіксіз еңбектің және сенімді серіктестік рухының жемісі!

 Салтанатты рәсім барысында:
* Ақылы бөлімде оқитын 5 студентке – 150 000 теңге көлеміндегі оқу ақысына жеңілдік сертификаты табысталды;
* Барлық жеңімпаздар мен жаттықтырушыларға – ректордың алғыс хаты мен университет мерчі ұсынылды.

Чемпиондар – университетіміздің абыройы, ал бапкерлер – сол жеңістің артындағы жанкешті еңбек иелері.