Home page > News > Dr. Мухағали Қаламбайдың ғылыми жобасы халықаралық деңгейде танылуда
4
Dr. Мухағали Қаламбайдың ғылыми жобасы халықаралық деңгейде танылуда

Хериот-Уотт университеті Ақтөбе кампусының аға оқытушысы, PhD Мухағали Қаламбай Сеул қаласында (Оңтүстік Корея), Сеул ұлттық университетінде өтіп жатқан "IAU Symposium 398 / MODEST-25: Compact Stars and Binaries in Dense Star Clusters" атты халықаралық симпозиумға қатысуда. 

Аталған симпозиумда Dr. Қаламбай Мухағали AP19677351 нөмірлі «Жұлдыздық кластерлердің түзілуін және эволюциясын біріктірілген магнитті-гидродинамикалық және N-дене модельдеулері арқылы зерттеу» атты ғылыми жобасы аясында алынған зерттеу нәтижелерін ұсынады. Ғылыми жоба жұлдыздық шоғырлардың пайда болуынан бастап олардың ыдырауына дейінгі эволюциялық үрдістерін зерделеуге бағытталған. 

Сондай-ақ осы жоба аясында Dr. Қаламбай Қытай Халық Республикасында өтетін "1st Meeting of the Silk Road Astronomy Research and Education Alliance and 13th Silk Road Meeting" (бұрынғы атауы — Korea-China-Kazakhstan Meeting) халықаралық конференциясына арнайы шақырту алып, университет атынан ғылыми баяндама жасау жоспарлануда.