Home page > News > Қырықоба қорымындағы археологиялық жұмыстар әрі қарай жалғасады
4
Қырықоба қорымындағы археологиялық жұмыстар әрі қарай жалғасады

Өткен аптада Жұбанов университетінің тарих факультетінің ғалымдары мен студенттері Марғұлан атындағы Археология институтының және АҚШ-тың Мичиган университетінің ғалымдарымен бірлесіп, Ойыл ауданы аумағында орналасқан Қырықоба қорымында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.

Бүгін Марғұлан атындағы Археология институты және Мичиган университетінің ғалымдары Жұбанов университетіне келіп, университет ректоры Лаура Қарабасовамен кездесті. Кездесу барысында олар археологиялық экспедицияның нәтижелерімен бөлісіп, алдағы уақытта қазба жұмыстарының нәтижелері бойынша зерттеу жұмыстарын бастайтындықтарын атап өтті.

Зерттеу барысында табылған сүйектерге сараптамалар жүргізіледі.