Home page > News > Алғашқы түлектер – үлкен сахнада: «Қайдасың, мама?» қойылымына шақырамыз!
4
Алғашқы түлектер – үлкен сахнада: «Қайдасың, мама?» қойылымына шақырамыз!

Бүгін «Геолог» мәдениет үйінің басшысы Арман Жиеналиев Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры Лаура Қарабасованың қабылдауында болды. Кездесу барысында тараптар жас түлектерді кәсіби өмірге бейімдеу, оларды мәдениет саласында жұмысқа орналастыру мәселелерін талқылады.

Айта кетейік, биыл университеттің «Мәдени тынығу жұмыстары» мамандығы бойынша алғашқы түлектері оқуын тәмамдайды. Осыған орай, 20 маусым күні «Геолог» мәдениет үйінде Елтай Кемалдың режиссерлығымен «Қайдасың, мама?» атты қойылым сахналанады. Қойылымда аталмыш мамандықтың талантты студенттері өнер көрсетеді.

Құрметті көрермендер!
Сіздерді жас өнерпаздарды қолдап, олардың алғашқы шығармашылық жұмысына куә болуға шақырамыз!