
Педагогтік қайта даярлау курсының тыңдаушыларына сертификаттар табысталды
2025 жылдың 20 маусымында Жұбанов университетінде пост-дипломдық педагогикалық білім беру аясында сертификациялық қайта даярлау курсын аяқтаған тыңдаушыларға сертификаттар табысталды. 2024-2025 оқу жылында 7 білім беру бағдарламасы бойынша 37 тыңдаушы курсты сәтті аяқтады.
Аталмыш курс педагогикалық білімі жоқ, бірақ тиісті мамандық бойынша кәсіптік білімі бар тұлғаларға арналған. Курстың оқу бағдарламасы психологиялық-педагогикалық пәндер мен педагогикалық практикадан тұрады. Оқу барысында тыңдаушылар пәнді оқытудың жаңа әдістері мен дағдыларын меңгерді. Атап айтқанда, жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, педагогикалық тәсілдермен және бағалаудың өлшемдік технологияларымен танысты. Теориялық білімдерін іс жүзінде тәжірибеге айналдыру мақсатында мектептерде педагогикалық практикадан өтті.
Айта кетейік, 2025–2026 оқу жылына педагогикалық қайта даярлау курстарына тыңдаушыларды қабылдау шілде айының 14-нен басталады. Оқу мерзімі 6-9 ай. Қосымша сұрақтар бойынша көрсетілген байланыс нөмеріне хабарласуға болады: +7 705 917 47 68