Home page > News > Жұбанов университетінде түлектерге диплом табыстау рәсімі басталды
4
Жұбанов университетінде түлектерге диплом табыстау рәсімі басталды

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде бітіруші түлектерге арналған салтанатты диплом табыстау рәсімі басталды. Биыл оқу орнын 3 мыңға жуық түлек бітіріп отыр. Оның ішінде 2746 бакалавр, ал олардың арасынан 394 жас «Үздік диплом» иегері атанды. 290 түлек магистр дәрежесіне ие болды.

Алғашқы күні дипломдарын Жаратылыстану, Филология, Экономика және құқық факультеттерінің түлектері алды. Рәсімге университет басшылығы, ата-аналар, оқытушылар және құрметті қонақтар қатысты. 

Айта кету керек, диплом табыстау рәсімі алдағы екі күн бойы жалғасады.