Home page > News > Жаңа оқу жылы – жаңа міндеттер
4
Жаңа оқу жылы – жаңа міндеттер

2025 жылдың 19 тамызында Жұбанов университетінде ректор Лаура Қарабасованың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Күн тәртібінде жаңа оқу жылына дайындық мәселелері қаралды.

Ректор студенттердің жағдайына, олардың бейімделуі мен жатақханаға орналасуына ерекше назар аударылатынын атап өтті. «Университет ұжымы жастардың сапалы білім алуына қолайлы орта қалыптастыруға дайын болуы тиіс», – деді Лаура Қарабасова.

Жиында негізгі бағыттар бойынша есептер тыңдалды.
    •    Қабылдау науқаны: Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Людмила Мясникова биыл шамамен 3 мың студент қабылданатынын, оның 1155-і мемлекеттік грант иегері екенін айтты. Грант иегерлерінің 60%-ы Ақтөбе облысынан.
    •    Инфрақұрылым: Аппарат жетекшісі Руслан Сейлханов оқу ғимараттары мен жатақханалардың толық дайын екенін, жөндеу, санитарлық және қауіпсіздік жұмыстары жүргізілгенін хабарлады.
    •    Серіктестік: Мансап және кәсіптік бағдарлау департаментінің директоры Әміре Жұмағазиев университеттің 500-ден астам өндірістік және практикалық базамен әріптестік орнатқанын атап өтті.
    •    Студенттерді бейімдеу: Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Нарқозы Қартжан бірінші курс студенттеріне арналған бейімдеу апталығы мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы баяндады.

Ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Р.А. Бекназаров факультеттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары мен кадрлық әлеуетіне тоқталды. Сонымен қатар университеттің бірқатар ғылыми гранттарды жеңіп алғанын атап өтті.

Стратегиялық даму жөніндегі проректор Д.С. Хусаинов университеттің стратегиялық көрсеткіштері мен интернационализация жұмысы туралы баяндады.

Баспасөз хатшысы Е.М. Шыма университеттің қоғам алдындағы ашықтығы мен ақпараттық жұмысы туралы есеп берді.

Қорытынды сөзінде ректор Лаура Қарабасова жаңа оқу жылының сәтті басталуы үшін нақты тапсырмалар жүктеді. Ол үйлесімді жұмыс жүргізу, инновациялық тәсілдерді енгізу, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және студенттерді қолдау тетіктерін жетілдіруді міндеттеді.