Home page > News > Сән индустриясындағы жаңа леп: Zhubanov Fashion Show
4
Сән индустриясындағы жаңа леп: Zhubanov Fashion Show

Білім алушылардың шығармашылық әлеуетін таныту және кәсіби қолдау көрсету, өндірістік ортада тәжірибе алмасуына жағдай жасау, сән индустриясындағы жаңа бағыттарды насихаттау мақсатында Zhubanov Fashion Show сән көрсетілімі ұйымдастырылды. 

Сән көрсетілімінде спорттық үлгідегі балаларға арналған киімдер, заманауи үлгіде тігілген ұлттық нақыштағы киімдер, ерекше стильде дайындалған бас киімдер топтамасы көпшілік назарына ұсынылды. Әр топтама көрнекі дизайнымен, түстер мен маталардың үйлесімділігімен ерекшеленіп, шараның мазмұнын айшықтай түсті.

Шараға қатысқан өңірдегі тігін шеберханалары мен сән үйлерінің өкілдері жас дизайнерлердің заманауи стиль мен ұлттық нақышты үйлестірген бірегей топтамаларына жоғары баға берді. 

Fashion Show – білім алушылардың шығармашылығына қанат бітіріп, кәсіби тұрғыда дамуына және үлкен алаңға қадам басуына серпін берді.