Home page > Science and innovation > Кәсіби ағылшын тілі: AI, грамматика және коммуникативті оқыту
4
Кәсіби ағылшын тілі: AI, грамматика және коммуникативті оқыту

Білім беру ұйымдарында ағылшын тілін оқыту сапасын арттыру, заманауи әдістемелерді енгізу және мамандардың тілдік құзыреттілігін дамыту  — білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі. Осыған орай, Жұбанов университетінде ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған “Teaching English with Purpose: Practical Approaches to English for Specific Purposes (ESP) in the Classroom” тақырыбында тәжірибелік семинар өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты – мектеп мұғалімдеріне кәсіби бағыттағы ағылшын тілі бойынша тиімді әдістемелік тәсілдерді таныстыру, сондай-ақ пәнді оқытуда арнайы мақсатқа бағытталған әдістерді қолданудың маңызын көрсету. 

Семинар бағдарламасы үш негізгі тақырыптық сессияны қамтыды:
- Implementing AI and Online Tools for English Classroom – ағылшын тілі сабақтарында жасанды интеллект пен онлайн құралдарды тиімді қолдану тәсілдері;
- Teaching Grammar Effectively: From Rules to Real Communication – грамматиканы тек ереже ретінде емес, коммуникацияда қолдануға үйретудің тиімді әдістері;
* Task-based Language Teaching. How to plan task-based lessons - тапсырмаға негізделген тілдік оқыту әдісінің құрылымы, негізгі қағидаттары және тәжірибеде қолдану жолдары.

Семинарға қатысқан 60-тан астам мұғалім шара барысында практикалық тапсырмалар орындап, өз тәжірибесінде қолдана алатын жаңа әдістемелік құралдармен танысты. Сонымен қатар қатысушылар бір-бірімен кәсіби пікір алмасып, өзекті мәселелер мен заманауи педагогикалық трендтер туралы талқылады.

Мұндай бағыттағы іс-шаралар ағылшын тілі білім беру саласында кәсіби дамуды қолдауға, жаңа технологияларды оқу тәжірибесіне бейімдеп, заман талабына сай білім беруге айтарлықтай үлес қосады.