«Chevron» компаниясының өкілі Жұбанов университетіне келді
Басқарма төрағасы-ректор Лаура Қарабасова Chevron компаниясының инвестиция қорының менеджері Джон Дорффелдпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар білім беру саласындағы серіктестік мүмкіндіктерін, заманауи білім беру жобаларын дамыту бағыттарын талқылады.
Университеттің Басқарма мүшесі, Стратегиялық даму және цифрландыру жөніндегі проректоры Дастан Хусаинов компания өкілін Хериот-Уатт университетінің Ақтөбедегі кампусының оқу процесінің ұйымдастырылуы, ғылыми-зерттеу әлеуеті және студенттік инфрақұрылымымен таныстырды.
Диалог аясында Chevron компаниясымен өзара ынтымақтастық орнату және өндірістік тәжірибе алаңын кеңейту мәселелеріне баса назар аударылды.