Home page > News > Ағылшын тілі - әлемдік ғылымға жол: Жұбанов университетінің табысты моделі
4
Ағылшын тілі - әлемдік ғылымға жол: Жұбанов университетінің табысты моделі

Профессор-оқытушылар құрамының шет тілдерін меңгеру құзыретін арттыру мақсатында университетте 2022 жылдан бері ағылшын тілі курсы ұйымдастырылады. 

Төрт жыл ішінде осы курста халықаралық деңгейдегі CELTA және IELTS сертификаттарына ие кәсіби оқытушылардан білім алған 400-ге жуық оқытушы мен қызметкер ағылшын тілі білімін жетілдірді. 

Аталған жұмыстың нәтижесінде 23 оқытушы «Болашақ» бағдарламасы шеңберіндегі «500 ғалым» ғылыми тағылымдамасы бойынша әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтті. Олардың қатарында Heriot-Watt University, Michigan State University, University of Minnesota, University of Reading, University of Leeds (Ұлыбритания мен АҚШ), Болгариядағы South-Western University «Neofit Rilsky», Sofia University «St. Kliment Ohridski» және Ресейдегі Л.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеттері бар. Сонымен қатар 40-тан астам оқытушы еліміздің ұлттық университеттеріндегі докторантура бағдарламаларына қабылданды.

2025-2026 оқу жылында осы курста 60-қа жуық оқытушы мен қызметкер ағылшын тілін жүйелі түрде меңгеріп жатыр. Оқу процесі бекітілген жоспарға сәйкес мамыр айына дейін жалғасады.