Home page > News > Білім беру және ғылыми тәжірибеге негізделген серіктестік
4
Білім беру және ғылыми тәжірибеге негізделген серіктестік

Жұбанов университеті мен Орал қаласындағы OQU SCHOOL білім беру ұйымы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

Жаңа серіктестік өңірлер арасындағы білім беру интеграциясын нығайтып, мектеп оқушылары мен университет білім алушыларының оқу, зерттеу және тәжірибелік дағдыларын дамытуға бағытталған.

Серіктестік профессор-оқытушылар құрамы мен зерттеушілердің жетекшілігімен бірлескен ғылыми жобалар және шығармашылық жұмыстарды жүзеге асыруға, жаратылыстану-математика бағытында білім алушылардың  OQU SCHOOL базасында кәсіби тәжірибеден өтуіне,  университет кампусында мектеп оқушыларына арналған экскурсиялар және кәсіби бағдар беру бойынша ақпараттық сессиялар ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 

Кездесу аясында OQU SCHOOL директоры Ильяс Супыгалиев бастаған мектеп өкілдері Heriot-Watt University Ақтөбе кампусының инфрақұрылымы және оқу мүмкіндіктерімен танысып, алдағы уақытта жасалатын бірлескен жобалардың  жұмыс жоспары талқыланды.