Home page > News > Ақниет Айсұлтан «Рухтастар» республикалық сыйлығының лауреаты атанды
4
Ақниет Айсұлтан «Рухтастар» республикалық сыйлығының лауреаты атанды

Елордада  “Жас көшбасшылар платформасы - 2025” шарасы өтті. Шарада еліміздің 17 облысы мен 3 қаласынан жиналған 200-ге жуық белсенді жас бас қосты.

Шара аясында бірқатар белсенді жастарға AMANAT партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты тағайындаған «Рухтастар» республикалық сыйлығы табысталды. 

Іріктеу нәтижесінде «Белсенді рухтас» номинациясы бойынша Ақтөбе облысынан Айсұлтан Ақниет Талғатұлы лауреат атанды.

Ақниет Айсұлтан — Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенті, әлеуметтік және қоғамдық бастамаларды жүзеге асыруға белсенді атсалысып, жастар саясатын дамытуға үлес қосып келеді.