Home page > News > Жұбанов университетінде Қазан ҰЗТУ ғалымы дәріс өткізуде
4
Жұбанов университетінде Қазан ҰЗТУ ғалымы дәріс өткізуде

2026 жылдың 19 – 31 қаңтар аралығында  Жұбанов университетінің жаратылыстану факультетіне Қазан Ұлттық зерттеу технологиялық университеті Полимерлер институты Синтетикалық каучук технологиясы кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты Әбдірақым Нақып Мұратұлы жұмыс сапарымен келіп, дәріс өткізуде.  

Жұмыс сапарының алғашқы күні ғалым университеттің Ғылым және инновация жөніндегі проректоры Р.А. Бекназаровпен кездесіп, алдағы бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары, академиялық ұтқырлық және білім беру саласындағы ынтымақтастық бағыттары бойынша жоспарларды талқылады.

Сапар аясында Әбдірақым Мұратұлы алғашқы қонақ дәрісін
«Ғылым жолы, Қазан ҰЗТУ базасындағы білім беру бағдарламалары» тақырыбында өткізді. Дәріс барысында ғалым ғылыми қызметтің маңыздылығы, Қазан Ұлттық зерттеу технологиялық университетіндегі білім беру бағдарламалары мен ғылыми мүмкіндіктері жөнінде кеңінен ақпарат берді.

Дәріске Химия және тағам технологиясы кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ 6В01504 – Химия, 6В05302 – Химия, 7М01504 – Химия, 6В07206 – АЗТ білім беру бағдарламаларының 2–3 курс білім алушылары қатысты.