Жасампаз жастардың жеңісі
Инфрақұрылымды дамыту және жайлы қоғамдық орта қалыптастыруға бағытталған студенттік жобалар байқауында университет білім алушылары жоғары нәтиже көрсетті.
Байқау әкімдік ұсынған аумақтардағы бос жатқан учаскелерді абаттандыру және қатысушылар өз еркімен таңдаған қолданыстағы қоғамдық кеңістіктерді жаңғырту бағыттары бойынша ұйымдастырылды.
Қатысушылар ұсынған жобаларды Ақтөбе қаласының танымал сәулетшілерінен құралған сарапшылар тобы кәсіби тұрғыда бағалап, жобалардың қаланың сәулеттік және әлеуметтік даму талаптарына сәйкестігіне ерекше назар аударды.
Байқау нәтижесінде жүлделі орындарға ие болған студенттер қаржылай сыйақылармен марапатталды. Бұл жетістік - жастардың шығармашылық әлеуетінің және туған жерге дейін сүйіспеншілігінің айқын көрінісі.