Home page > News > «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2025» жеңімпаздары марапатталды
4
«ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2025» жеңімпаздары марапатталды

2026 жылғы 13 ақпанда Алматы қаласында «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2025» конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті атынан алты ғалым «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын иеленді:
— Адманова Гүлнұр Болатқызы — биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор;
— Бекбауова Алтыншаш Упуқызы — физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор;
— Жұмагалиев Ерлан Ұланұлы — техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор;
— Мынбаева Сандугаш Табылдиевна — PhD, қауымдастырылған профессор;
— Әбдірашит Асылбек Мирамханұлы — PhD, техникалық факультет деканының орынбасары;
— Уахитова Бағдагүл Тулеуқызы — PhD, «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының меңгерушісі.

Бұл марапат — жоғары білім беру саласындағы оқытушылардың кәсіби шеберлігін, ғылыми әлеуетін және білім сапасын арттыру жолындағы еңбегін жоғары деңгейде мойындаудың айқын көрінісі.

Жеңімпаз профессор-оқытушыларды  құттықтаймыз!