Home page > Congratulations > Зияткер жастар үздіктер қатарында
4
Зияткер жастар үздіктер қатарында

11–12 сәуір күндері Алматы қаласында өткен TEO CUP XV республикалық турнирінде “Заман біздікі” интеллектуалды элиталар одағының пікірсайысшылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Еліміздің әр өңірінен жиналған 100-ден астам қатысушы қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, пікірсайыс алаңында өзара бақ сынасты.

Тартысты сайыс нәтижесінде Асхат Есенов альфа лигада II орынды иеленсе, Батыржан Сапарғали бетта лигада I орынға ие болды.

Пікірсайысшыларымызды құттықтаймыз!