IІІ маусым үздіктері марапатталды
“Заман біздікі” интеллектуалды элиталар одағының ұйымдастыруымен пікірсайыс клубтары арасында өткен Zhubanov дебат лигасының III маусымы өз мәресіне жетті.
Пікірсайыс лигасы білім алушылардың сыни ойлау қабілетін, шешендік өнерін және аналитикалық дағдыларын дамытуға бағытталған.
Дәстүрге айналған шараға 24 фракция, 70-тен астам қатысушы белсенділік танытып, оларға 26 төреші қазылық етті.
Маусымның қатысушы клубтары – “Феникс”, “Алаш”, “Тұран”, “Көзқарас”, “Өзгеріс” тартысты сайыс көрсетіп, шара қорытындысында жеңімпаз фракциялар мен үздік спикерлер марапатталды.