Үздіксіз білім: «Күміс университет» қатысушыларына сертификаттар табысталды
«Күміс университет» жобасының кезекті оқу маусымы өз мәресіне жетті. 50 жастан асқан азаматтарға арналған бұл жоба өмір бойы білім алу қағидатын жүзеге асыруға бағытталған.
2026 жылы қазақ тілі, ағылшын тілі, құқықтық, қаржылық және цифрлық сауаттылық, тігін ісі, тоғызқұмалақ, шығыс биі, сондай-ақ ресурстық қолдау және үйлесімділік бағыттары бойынша білімін жетілдірген 100 қатысушы жобаны сәтті аяқтады. Олардың қатарында бірнеше жыл бойы үздіксіз қатысып келе жатқан аға буын өкілдері де бар.
Үш айға созылған “Күміс университет” қатысушыларының орташа жасы 66 жасты құраса, ең егде тыңдаушы 79 жаста болды.
Сертификат табыстау рәсімінде қатысушылар оқу орны ұжымына алғыс білдіріп, қоғам игілігіне бағытталған әлеуметтік жобаның алдағы уақытта да жалғасын табуына тілектестік танытты.