Home page > News > Айбынды азаматтарға құрмет көрсетілді
4
Айбынды азаматтарға құрмет көрсетілді

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай университетте салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызмет етіп жүрген сала өкілдеріне құрмет көрсетілді. 

Ректор Лаура Қарабасова құттықтау сөзінде Отан қорғаушылар күні – елдің қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздік жүйесінің маңызын айқындайтын мереке екенін жеткізді. Сонымен қатар, ол жастар арасында отаншылдық пен жауапкершілік ұғымдарының кеңінен дәріптелуіне университет пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы стратегиялық серіктестіктің айрықша ықпал ететінін атап өтті.

Мерекелік жиынға басқарма басшылары, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері, профессор-оқытушылар құрамы, өңірлік қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету, “Заң және тәртіп” қағидатын іске асыру бағытында университетпен жүйелі түрде әріптестік байланыс орнатқан мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. 

Жоғары оқу орындары мен арнаулы кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларымен қатар, білім алушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруына және кәсіби құзыреттерін қалыптастыруына жағдай жасап, практикалық база ұсынатын серіктестер – өндірістік және өнеркәсіптік сектор өкілдері де құрметті қонақтар қатарында болды.

Салтанатты шара қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, Отанға қызмет, абырой, еңбекқорлық және патриоттық құндылықтар насихатталған мазмұнды алаңға айналды.