Өнер, білім және мүмкіндіктер
Zhubanov University өнерлі жастары Қандыағаш қаласына арнайы сапар жасап, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Сапар аясында өңірдің мектеп бітіруші түлектері мен олардың ата-аналарына кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізіліп, оқуға түсу және гранттық негізде білім алу мүмкіндіктері бойынша толық ақпарат берілді.
Сондай-ақ, университеттің білім беру және академиялық ұтқырлық бағдарламалары, студенттерге жасалған мүмкіндіктер мен студенттік өмірдің ерекшеліктері таныстырылды.
Әсем ән мен биді, білім мен танымды үйлестірген кездесу түлектердің болашақ мамандығын саналы таңдауға бағыт-бағдар беріп, олардың жаңа мүмкіндіктерге деген қызығушылығын арттырды.