Home page > Education > Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу қорытындысы
4
Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу қорытындысы

18 мамыр күні САААЕ Аккредиттеу кеңесінің шешімімен Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті білім беру бағдарламаларының институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу қорытындылары шығарылды.

Кеңес отырысының нәтижесі бойынша университет 7 жыл мерзімге аккредиттелді.

Сонымен қатар келесі білім беру бағдарламалары аккредиттеуден өтті:

  • 6B07210-Металлургия – 7 жыл;
  • 6B01506-География – 5 жыл;
  • 7M01506-География – 5 жыл;
  • 7M01504-Химия – 5 жыл;
  • 7M04104-Қаржы – 5 жыл.

Бұдан бөлек, 6B07210-Металлургия білім беру бағдарламасына EUR-ACE Label еуропалық сапа белгісі берілді.

EUR-ACE Label (European Accredited Engineer) – инженерлік білім берудің беделді еуропалық сапа белгісі. Ол Инженерлік білім беруді аккредиттеу жөніндегі Еуропалық желі (ENAEE) тарапынан тағайындалады. Аталған белгі білім беру бағдарламасының инженер мамандарын даярлаудың жоғары еуропалық және халықаралық стандарттарына сәйкес келетінін растайды.