Home page > News > Ақсақалдар кеңесінің мәжілісінде жасанды интеллект пен ғылыми зерттеулер мәселелері талқыланды
4
Ақсақалдар кеңесінің мәжілісінде жасанды интеллект пен ғылыми зерттеулер мәселелері талқыланды

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Ақсақалдар кеңесінің кезекті мәжілісі өтті. Жиын барысында күн тәртібіне сәйкес бірнеше маңызды мәселе қаралды.
Кәсіби-шығармашылық факультетінің деканы Жайнагүл Қартбаева мен Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, доцент Боранбай Моменов «Жасанды интеллект және цифрлық даму: факультет тәжірибесіндегі озық үлгілер» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамашылар жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісіне енгізу, цифрлық трансформация жағдайындағы университеттің даму бағыттары және заманауи цифрлық құзыреттерді қалыптастыру мәселелеріне тоқталды.
Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, доцент Ахмет Мырзағалиев «Су тартылымы, ауызсу тапшылығы, су тасқыны, дауылды турбуленттілік және жер сілкінісі құбылыстарын зерттеу, сондай-ақ осы бағыттардағы ғылыми жұмыстарға жасанды интеллект технологияларын қолданатын университет жастарын тарту мәселелері» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада табиғи және техногендік қауіп-қатерлерді зерттеудің өзекті мәселелері, оларды болжау мен талдауда жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану жолдары жан-жақты қарастырылды.
Жиында Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жайшылық Сартабанов сөз сөйлеп, кеңес жұмысының алдағы бағыттары мен ұйымдастыру мәселелеріне қатысты пікір білдіріп, бірқатар ұсыныс айтты.
Мәжіліс барысында қатысушылар жасанды интеллекттің білім беру мен ғылыми зерттеулердегі әлеуетін, цифрлық даму жағдайындағы университеттің стратегиялық міндеттерін, сондай-ақ студенттер мен жас ғалымдарды ғылыми-зерттеу қызметіне кеңінен тарту тетіктерін талқылады.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Ақсақалдар кеңесінің мүшелері өз пікірлерін ортаға салып, тиісті ұсыныстар қабылдады.