Home page > News > Жазғы мектеп – 2026: оқытушылық және зерттеу қызметіндегі ЖИ
4
Жазғы мектеп – 2026: оқытушылық және зерттеу қызметіндегі ЖИ

Профессор-оқытушылар құрамының оқытушылық және зерттеу қызметінде жасанды интеллект құралдарын қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған жазғы мектеп өз жұмысын бастады. Басқарма мүшесі, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Людмила Мясникова қатысушыларға сәттілік тілеп, жоғары білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформация үдерісінің маңызын атап өтті.

Бағдарлама аясында 50 оқытушы жасанды интеллект негізіндегі құралдардың мүмкіндіктерімен танысып, оларды оқу-әдістемелік материалдар әзірлеуде, ғылыми зерттеулер жүргізуде, академиялық мәтіндермен жұмыс істеуде және деректерді талдау үдерістерінде қолдану тәсілдерін меңгереді.

Сонымен қатар тыңдаушылар жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісіне интеграциялаудың заманауи әдістерін, академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып пайдалану ерекшеліктерін, сондай-ақ цифрлық трансформация жағдайындағы жоғары білім беру жүйесінің өзекті бағыттарын талқылайды.

Курсты Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің аға оқытушылары, PhD Тазабекова Парасат Қадырқұлқызы мен Базарбаева Айнұр Маратқызы өткізеді.

Жазғы мектеп профессор-оқытушылар құрамының кәсіби дамуын қолдауға, педагогикалық инновацияларды дамытуға және білім беру мен ғылым саласында заманауи технологияларды тиімді пайдалану мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.