Home page > News > Ақпараттық жиында факультеттердің даму қарқыны сараланды
4
Ақпараттық жиында факультеттердің даму қарқыны сараланды

Университетте кезекті аппараттық жиын өтіп, онда факультет декандарының 2025–2026 оқу жылының ІI жартыжылдығындағы стратегиялық индикаторларды орындау бойынша есептері тыңдалды. 

Іс-шараға басқарма мүшелері, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, факультет декандары және кафедра меңгерушілері қатысты. Күн тәртібіне сәйкес факультеттердің білім беру, ғылыми-зерттеу және халықаралық ынтымақтастық бағыттарындағы қызмет нәтижелері талданып, жоспарлы көрсеткіштердің орындалу деңгейіне кешенді бағалау жүргізілді.

Жиын барысында академиялық ұтқырлық бағдарламаларының географиясын кеңейту, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың халықаралық ғылыми ынтымақтастығын дамыту, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелілігін арттыру, сондай-ақ ғылыми жарияланымдардың үлесін көбейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жиын қорытындысы бойынша факультеттердің стратегиялық даму жоспарларын іске асыру тиімділігін арттыруға, ғылыми әлеуетті күшейтуге, халықаралық әріптестік байланыстарды кеңейтуге және білім беру қызметінің сапасын одан әрі жетілдіруге бағытталған қосымша міндеттер мен нақты мақсатты көрсеткіштер айқындалды.