Home page > News > AI SUMMER CAMP: жаңа идеялар мен цифрлық шешімдер
4
AI SUMMER CAMP: жаңа идеялар мен цифрлық шешімдер

15-17 маусым аралығында университет базасында «AI SUMMER CAMP: Болашақ мамандығы» атты жазғы IT лагері өтті. Лагерьге Ақтөбе қаласындағы 50-ге жуық мектептің 8-11 сынып оқушылары қатысты.

Бағдарлама аясында облыстық әдістемелік орталығының ЖИ бөлімі маманы, жасанды интеллект және білім берудегі цифрлық трансформация саласының халықаралық сарапшысы, Boston Study Hub орталығының тең құрылтайшысы Мағжан Жұмаев, аға оқытушы, PhD Ақнұр Қадірбек және Ақтөбе IT Hub контент менеджері Сандина Мұнтұрған оқушыларға жасанды интеллекттің негіздері, AI құралдарын пайдалану, цифрлық контент әзірлеу, AI медиа және Vibe Coding бағыттары бойынша дәрістер мен шеберлік сабақтарын өткізді.

Қатысушылар практикалық тапсырмалар орындап, командалық жобалар әзірлеп, өз идеяларын таныстырды. Лагерь қорытындысында қатысушыларға сертификаттар табысталып, белсенді оқушылар мен үздік командалар марапатталды.

Лагерь оқушылардың жасанды интеллект технологиялары негіздерін меңгеріп, олардың кәсіби бағдарын айқындауға және цифрлық құзыреттерін дамытуға ықпал етті.