Home page > News > Әбіш Кекілбаевтың «Елең-алаң» романы университеттің ғылыми кітапханасы қорына табысталды
4
Әбіш Кекілбаевтың «Елең-алаң» романы университеттің ғылыми кітапханасы қорына табысталды

Университеттің ғылыми кітапханасы қорына көрнекті қазақ жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың «Елең-алаң» романының 80 данасы табысталды.

Аталған бастама білім беру және мәдени-ағартушылық жобаларға жүйелі түрде қолдау көрсететін, әлеуметтік маңызы жоғары басылымдардың жарық көруіне ықпал етіп, кітап оқу мәдениетін дамытуға тұрақты үлес қосып жүрген BankCenterCredit қолдауымен жүзеге асырылды.

Кітаптарды табыстау рәсіміне BankCenterCredit өкілі Ақжол Боранбай мен Ақтөбе филиалының директоры Гүлнар Черниязова қатысты.

«Елең-алаң» романы – Әбілқайыр хан дәуіріндегі тарихи-саяси үдерістерді, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен ұлт тағдырына ықпал еткен стратегиялық шешімдерді көркемдік-тарихи тұрғыдан зерделейтін қазақ әдебиетінің көрнекті туындыларының бірі. Шығармада ұлттық болмыс пен елдік мүдде мәселесі терең философиялық пайыммен баяндалады. 

Шығарманың ғылыми кітапхана қорына түсуі білім алушылардың ұлттық әдеби мұраға қолжетімділігін кеңейтіп, әдеби-тарихи танымды тереңдетуге, сыни және аналитикалық ойлау дағдыларын дамытуға ықпал етеді.