Home page > News > Graduation Ceremony – 2026
4
Graduation Ceremony – 2026

Жоғары білім беру бағдарламаларын толық меңгерген 3312 түлекке мемлекеттік үлгідегі дипломдар табысталды.

Түлектер географиясы еліміздің 12 өңірін қамтиды. Олардың қатарында батыс аймағынан бөлек, Астана қаласы, Ақмола, Алматы, Қостанай, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының жастары бар. 

Университет жүзеге асырып отырған білім беру саясаты сапалы адами капиталды қалыптастыруға, ғылым, инновация және өндіріс интеграциясын дамытуға, сондай-ақ елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатын жоғары білікті кадрлар даярлауға бағытталған.

Биылғы түлектер де ұлттық және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, академиялық адалдық қағидаттарын ұстанатын, кәсіби және зерттеушілік құзыреттері қалыптасқан жас мамандар. 

Түлектерімізге жарқын болашақ, еңбек жолында сәттілік және толағай табыс тілейміз!