ZHUBANOV ALUMNI LEADERS – 2026
Университетте білім алу кезеңінде қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып, ғылыми-зерттеу қызметінде, спорт, мәдениет және өнер салаларында жоғары жетістіктерге қол жеткізген, сондай-ақ оқуын жоғары академиялық көрсеткіштермен аяқтаған студенттерге университеттің Түлектер қауымдастығына мүшелік карталары табысталды.
Ректор Лаура Қарабасова жастардың кәсіби және тұлғалық қалыптасуындағы табандылық пен жауапкершіліктің маңызын атап өтіп, белсенді түлектердің алдағы жетістіктеріне сенім білдірді.
Қауымдастық мүшесі атанған түлек университеттің арнайы жобалары мен бағдарламалары туралы ақпарат алуға, кәсіби байланыстар желісін кеңейтуге, альма матер өміріне белсенді араласуға мүмкіндік алады.
Салтанатты шара барысында 2025 жылғы түлектердің бастамасымен қалыптасқан дәстүр бойынша түлектер «Алтын альбомға» қол қойып, лебіздерін білдірді.