Home page > News > Оқытушылар мен қызметкерлерге арналған ағылшын тілі курсы тыңдаушыларына сертификаттар табысталды
4
Оқытушылар мен қызметкерлерге арналған ағылшын тілі курсы тыңдаушыларына сертификаттар табысталды

Профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің шет тілдерін меңгеру құзыреттіліктерін арттыру жұмыстары аясында 2025-2026 оқу жылында 55 қатысушы ағылшын тілін меңгеріп, алты айлық оқу курсын табысты аяқтады.

Ағылшын тілі курсы университетте 2022 жылдан бері жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Төрт жыл ішінде осы курста халықаралық деңгейдегі CELTA және IELTS сертификаттарына ие кәсіби оқытушылардан білім алған 400-ден астам оқытушы мен қызметкер ағылшын тілі білімін жетілдірді.

Аталған жұмыстың нәтижесінде 31 ғалым «Болашақ» бағдарламасы шеңберіндегі «500 ғалым» ғылыми тағылымдамасы бойынша әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтті. Олардың қатарында Heriot-Watt University, Michigan State University, University of Minnesota, University of Reading, University of Leeds (Ұлыбритания мен АҚШ), Болгариядағы South-Western University «Neofit Rilsky» университеттері бар. 

Сонымен қатар, ағылшын тілі курстары жас оқытушылардың академиялық әлеуетін арттыруға ықпал етіп, 100-ге жуық оқытушы еліміздің ұлттық университеттерінің докторантура бағдарламаларына қабылданды.