Home page > News > GPA 3,33-тен жоғары түлектер мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылдана алады
4
GPA 3,33-тен жоғары түлектер мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылдана алады

2026 жылғы 19 мамырда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңға қол қойды. Құжат 1 шілдеден бастап күшіне енді.

Заңдағы жаңа өзгерістер 28-бабының 6-тармағы 5) тармақшасына сәйкес жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын GPA көрсеткіші 3,33-тен төмен емес нәтижемен аяқтаған түлектер оқуын тәмамдаған күннен бастап бір жыл ішінде мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурссыз орналаса алады.

Бұл мүмкіндік енді тек мемлекеттік білім грантының иегерлеріне ғана емес, ақылы бөлімде білім алған түлектерге де қолжетімді. Яғни, белгіленген академиялық талаптарға сай келген барлық түлектер мемлекеттік қызметке жеңілдетілген тәртіппен орналасу мүмкіндігіне ие.