Жатақханаға орналасу мәселелері бойынша ахуалдық орталық
Әрбір студент жаңа оқу жылын сенімді бастауы керек.
Жаңа оқу жылы қарсаңында студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі ерекше назарда. Сондықтан QYZPU базасында студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жөніндегі Республикалық ахуалдық орталықтың жұмысын бастадық.
Бұл орталық жатақханаға орналасу кезінде қиындыққа тап болған студенттерге жедел көмек көрсету үшін құрылды. Әсіресе басқа өңірден оқу қаласына келген және тұру мәселесін өз бетінше шеше алмаған студенттер тікелей хабарласа алады.
📞 +7 700 950 95 28
📞 +7 727 237 01 70
Осы нөмірлер арқылы кеңес алып, жатақханаға орналасуға қатысты мәселелеріңізді хабарлай аласыздар.
Біздің міндетіміз - әрбір студенттің жаңа оқу жылын білімге ден қойып бастауы. Ал тұрмыстық мәселелерді жедел шешу үшін Министрлік барлық қажетті ұйымдастырушылық шараларды қабылдап жатыр. Егер жатақханаға орналасуда қиындық туындаса, міндетті түрде Республикалық ахуалдық орталыққа хабарласыңыздар.