Жұбанов университеті – грант иегерлерінің таңдауындағы үздік ЖОО қатарында
Жұбанов университеті мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің таңдауы бойынша гранттар ең көп бөлінген еліміздегі ТОП-20 жоғары оқу орнының қатарына енді. Бұл көрсеткіш талапкерлер тарапынан университеттің білім беру бағдарламаларына сұраныстың жоғары екенін және маман даярлау бағыттарының өзектілігін көрсетеді.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейінде де университеттің көрсеткіші жоғары: магистратура бойынша мемлекеттік гранттар бөлінген ТОП-15 жоғары оқу орнының қатарынан орын алды. Бұл нәтиже білім беру бағдарламаларын жетілдіру, еңбек нарығының сұранысына сай мамандар даярлау және білім сапасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі.