Home page > News > Студенттік емхананың қызмет көрсету сапасы жоғары бағаланды
4
Студенттік емхананың қызмет көрсету сапасы жоғары бағаланды

Медициналық көмектің сапасын арттыру, озық тәжірибелерді насихаттау және медициналық ұйымдардың кәсіби дамуына қолдау көрсету мақсатында еліміздің барлық өңірінде «Медициналық көмектің флагманы» байқауы өтті.

Байқауға Ақтөбе облысынан 82 медициналық ұйым қатысып, олардың қатарында Жұбанов университетінің Студенттік емханасы да бақ сынады. Емхана медициналық қызмет көрсету сапасының жоғары деңгейін көрсетіп, жүлделі III орынға ие болды.

Аталған байқау медициналық ұйымдарға өз жетістіктерін таныстырумен қатар, озық тәжірибелерімен бөлісуге және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын одан әрі жетілдіруге мүмкіндік берген маңызды кәсіби алаңға айналды.

Жұбанов университетінің Студенттік емханасының жүлделі орынға ие болуы – ұжымның кәсібилігі мен сапалы медициналық қызмет көрсетуге деген жауапкершілігінің айқын көрінісі.