Home page > Star alumni > Университет түлегіне "Құрмет" ордені табысталды
4
Университет түлегіне "Құрмет" ордені табысталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жоғары нәтижелері үшін университет түлегі Азамат Қайдаровқа «Құрмет» орденін табыстады.

Азамат Қайдаров VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында мангала спорты бойынша ел намысын абыроймен қорғап, екі алтын медаль иеленді.

Ол – «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 2019 жылғы түлегі.

Азамат Қайдаровты мемлекеттік награда алуымен құттықтаймыз! Спорттық мансабына толағай табыс, жаңа жеңістер тілейміз!