Жұбанов университетінде шетелдік ғалымдар дәріс оқуда
Жұбанов университетіне шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында Сербиядан Марко Петрович пен Түркиядан профессор Семра Гюнай келіп, тарих және география факультетінің «География және туризм» кафедрасындағы білім беру үдерісіне қатысуда.
Шетелдік ғалымдар 2026 жылғы 14–27 қыркүйек аралығында «Туризм» білім беру бағдарламасы студенттеріне дәріс оқып, ғылыми-зерттеу және кәсіби тәжірибелерімен бөліседі.
Марко Петрович - Сербия Ғылым және өнер академиясының «Йован Цвийич» география институтының Әлеуметтік география бөлімінің бас ғылыми қызметкері, сондай-ақ АҚШ-тағы Висконсин университетінің құрметті ғылыми қызметкері. Ғалым адам географиясы, ауылдық аумақтарды дамыту және туризм салаларын зерттейді. Оның ғылыми-зерттеу бағыттарына туризмнің географиялық аспектілері, ауылдық аумақтарды дамыту, агротуризм, туризмнің аумақтарға әсерін бағалау, жергілікті қауымдастықтарға негізделген экономикалық жоспарлау, туризмнің кеңістіктік аспектілері, геомұра және туризм, сондай-ақ ғылыми зерттеу әдіснамасы жатады. Ғалымның Хирш индексі Web of Science базасында – 21, ал Scopus базасында – 22.
Семра Гюнай – Түркиядағы Anadolu University университетінің Туризм факультетінің профессоры. Оның ғылыми қызығушылықтары әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, география, адам географиясы, туризм және қонақ үй менеджменті, демография, ауыл шаруашылығы және географиялық ақпараттық жүйелер бағыттарын қамтиды. Ғалымның 208 ғылыми жарияланымы бар. Оның ішінде Web of Science базасында – 33, Scopus базасында – 31 жарияланым индекстелген. Хирш индексі Web of Science және Scopus базаларында – 8.