Home page > International connections > Халықаралық тәжірибе білім беру үдерісінде
4
Халықаралық тәжірибе білім беру үдерісінде

Жұбанов университетінде шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы шеңберінде Малайзиядан профессор дәріс өткізуде.

2026 жылғы 20 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Сұлтан Идрис атындағы Білім беру университетінің профессоры, PhD Мохаммед Хасан бин Абдулла университетте академиялық және ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүргізеді.

Шетелдік ғалым «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне дәрістер оқып, профессор-оқытушылар құрамымен тәжірибе алмасады.

Профессор Мохаммед Хасан бин Абдулланың ғылыми-зерттеу бағыттары білім беру сапасын арттыруға, оқыту мен оқудың заманауи әдістерін дамытуға, студенттердің кәсіби және шығармашылық құзыреттерін қалыптастыруға, педагогтердің кәсіби дамуына, сондай-ақ білім беру үдерісіне инновациялық педагогикалық тәсілдерді енгізуге бағытталған.

Ғалымның Scopus дерекқорындағы Хирш индексі (h-index) – 5.