Ақтөбелік студенттер әлемдік рекорд орнатқан хакатонға қатысуда
2026 жылғы 23 қыркүйекте Астана қаласында басталған HackAlem AI халықаралық хакатонына Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің және Heriot-Watt University кампусының студенттері қатысуда.
Жасанды интеллект саласындағы ауқымды іс-шараға 21 елден, 48 қаладан және 129 университеттен 2500-ге жуық қатысушы жиналды. Хакатон қатысушылар саны бойынша Guinness World Records рекордтар кітабына енді.
Ақтөбелік студенттер хакатон аясында экономиканың басым бағыттарының бірі — энергетика саласына қатысты кейс бойынша жасанды интеллект негізінде технологиялық шешім әзірлеуде.
Университет командасының жетекшісі — Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, оқытушы, магистр Умирзакова Бану Габиденовна.
Команда құрамында:
Құлтас Баубек Медетұлы — 6В06105 «Компьютерлік инженерия» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті;
Бижан Әлижан Жәнгелдіұлы — Heriot-Watt University кампусы, 6В06107 «Компьютерлік инженерия (ҚР+UK)» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті;
Қанымбек Марат Қайыржанұлы — Heriot-Watt University кампусы, 6В06107 «Компьютерлік инженерия (ҚР+UK)» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті.
Қазіргі таңда команда хакатон тапсырмалары бойынша жұмыс жүргізіп, өз жобасын әзірлеуде. Алдағы кезеңде қатысушылар өз шешімдерін сарапшылар назарына ұсынып, жобаларын қорғайды.
Ақтөбелік студенттерге сәттілік тілейміз!