Мербол Құспанов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды
Республика күніне орай Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мемлекеттік наградаларды салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.
Мемлекеттік награда иегерлерінің қатарында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Студенттік хор ұжымының жетекшісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы Қазақ камералық хорының көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Мербол Оразбекұлы Құспанов та бар. Ол Мемлекет басшысының қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалін иеленді.
Мербол Құспанов кәсіби дирижер әрі ұстаз ретінде отандық хор өнерінің дамуына, шығармашылық ұжымдардың орындаушылық шеберлігін жетілдіруге және жас ұрпақтың музыкалық қабілетін дамытуға елеулі үлес қосып келеді.
Мербол Оразбекұлын жоғары мемлекеттік марапатымен құттықтаймыз!