Жұбанов университетінде зерттеушілердің біліктілігін арттыру бағдарламасы мәресіне жетті
Жұбанов университетінде Миннесота университетімен бірлесіп құрылған Zhubanov ThinkLab зерттеу құзыреттіліктерін дамыту халықаралық орталығы ұйымдастырған зерттеушілердің біліктілігін арттыру бағдарламасының қорытындылау рәсімі өтті.
Бағдарлама екі кезеңнен тұрды. 15 апта бойы қатысушылар Миннесота университетінің профессорларының жетекшілігімен онлайн форматта білім алып, ғылыми зерттеу әдіснамасы, сандық және сапалық зерттеу әдістері, сондай-ақ деректерді талдау бағытындағы білімдерін жетілдірді.
Қазан айында оқу бағдарламасы профессор Баскар Упадиаяның қатысуымен офлайн форматта жалғасты. Зерттеушілер өздерінің ғылыми жобалары бойынша жеке кеңестер алып, практикалық семинарлар мен пікірталастарға қатысты.
Бағдарлама «Train-the-Trainer» («Тренерлерді даярлау») қағидаты негізінде жүзеге асырылып, зерттеу құзыреттерін дамытуға және осы бағытта мамандар даярлауға бағытталған.
Оқу қорытындысы бойынша салтанатты түрде қатысушыларға сертификаттар табысталды.