Home page > News > Жұбанов университетінің студенттері республикалық олимпиадада ІІ орын иеленді
4
Жұбанов университетінің студенттері республикалық олимпиадада ІІ орын иеленді

2026 жылғы 2 қарашада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жошы Ұлысы – Алтын Орда және қазақ мемлекеттілігінің тарихы» тақырыбында жоғары оқу орындарының «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылары арасында республикалық пәндік олимпиада өтті.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің 35 жылдығына және ЕҰУ-дың 30 жылдығына арналған олимпиада төрт кезең бойынша ұйымдастырылды: бейнематериал дайындау, тест тапсырмаларын орындау, тарихи эссе жазу және командалық сұрақтарға жауап беру.

Олимпиада қорытындысы бойынша Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 6В02201 – «Тарих» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері Дүйімбаев Әнуар, Қойшиев Нұрақыл және Әкімжанова Азиза ІІ орын иеленді.

Студенттердің ғылыми жетекшілері – Еспенбетова А. М. және Ғанибаева Ж. А.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!