Халықаралық бәсекедегі жаңа нәтиже: Жұбанов университеті 100 позицияға көтерілді
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті QS Asia University Rankings халықаралық рейтингіндегі көрсеткішін жақсартып, 2026 жылы 678-орынға тұрақтады. Өткен жылы университет 781-орыннан көрінген болатын. Осылайша, бір жыл ішінде 100-ден астам позицияға жоғарылады.
Биыл рейтингке қатысқан жоғары оқу орындарының саны да артқан. 2025 жылы рейтингке 1500 университет енсе, биыл олардың саны 1722-ге жетті. Бұл халықаралық академиялық кеңістіктегі бәсекенің күшейе түскенін көрсетеді.
Бұл нәтиже – университет ұжымының жүйелі жұмысы мен ортақ мақсат жолындағы бірлескен еңбегінің көрінісі.