Жұбанов университетінде инклюзивті білім беру бойынша халықаралық бағдарлама өтті
2–6 қараша аралығында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хериот-Уатт халықаралық кампусында профессор-оқытушылар құрамына арналған 80 сағаттық «Promoting and Sustaining Inclusive Higher Education Systems» біліктілікті арттыру бағдарламасы өтті.
Бағдарлама аясында кампустың 20 оқытушысы кәсіби біліктілігін арттырды. Бағдарламаны Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі әзірледі.
Офлайн дәрістер мен практикалық сабақтарды өткізу үшін Ақтөбеге қауымдастырылған профессор Сурап Мукхопадхьяй арнайы келді. Сонымен қатар бағдарламаға Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің сарапшылары қатысты:
▪️ Sourav Mukhopadhyay – қауымдастырылған профессор;
▪️ Daniel Torrano – профессор, зерттеулер жөніндегі вице-декан;
▪️ Janet Helmer – қауымдастырылған профессор;
▪️ Kairat Kurakbayev – ассистент-профессор;
▪️ Anita Jayachandran – инструктор.
Оқу барысында инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі, оқытудың әмбебап дизайны (UDL), оқу бағдарламаларын бейімдеу, бағалау жүйесі, көмекші технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдану мәселелері қарастырылды.
Теориялық және практикалық сабақтарда инклюзивті оқу бағдарламаларын әзірлеу, білім алушыларды қолдау және институционалдық өзгерістерді жүзеге асыру жолдары пысықталды.
Бағдарлама Жұбанов университетінің халықаралық академиялық ынтымақтастығын нығайтуға, оқытушылардың кәсіби әлеуетін арттыруға және кампуста инклюзивті білім беру ортасын дамытуға бағытталған.