Home page > News > Ақтөбеде «Digital Math – 2026» іс-шарасы өтті
4
Ақтөбеде «Digital Math – 2026» іс-шарасы өтті

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласы қызметкерлері күніне орай «Математика. Жасанды интеллект. Болашақ мұғалім» тақырыбында «DIGITAL MATH – 2026» форумы ұйымдастырылды.

Форумның мақсаты – математика пәнін оқытуда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды тиімді қолдану тәжірибесін тарату, педагогикалық идеялармен алмасу және болашақ мұғалімдердің цифрлық құзыреттерін дамыту.

Іс-шараға университет студенттері, магистранттары мен оқытушылары, сондай-ақ Ақтөбе қаласы мен облыстың 20-дан астам математика пәні мұғалімі қатысты.

Бағдарлама аясында сарапшылар сессиясы, цифрлық білім беру жобаларының таныстырылымы және интерактивті командалық викторина өтті. Магистранттар мен студенттер математиканы оқытуға арналған өздерінің цифрлық әзірлемелерін таныстырып, электрондық жұмыс дәптерлерін, интерактивті тапсырмаларды, мобильді қосымшалар мен веб-платформаларды ұсынды.

Сонымен қатар қатысушылар GeoGebra, Desmos және жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісінде қолдану мүмкіндіктерін талқылады.

Форум заманауи технологияларды меңгерген, цифрлық ортада еркін жұмыс істей алатын жаңа буын педагогтерін даярлауға бағытталған тәжірибе алмасу алаңына айналды.