Home page > News > Идеядан стартапқа дейін: университетте жасанды интеллект және кәсіпкерлік бойынша workshop өтті
4
Идеядан стартапқа дейін: университетте жасанды интеллект және кәсіпкерлік бойынша workshop өтті

Бүгін университетімізде стартап пен инновацияға қызығатын студенттерге арналған «AI for Innovation and Entrepreneurship: Turning Ideas into Startups» атты интерактивті workshop ұйымдастырылды.
Шараның спикері — Dr. Muhammad Zubair (Heriot-Watt University) жасанды интеллектті бизнесте тиімді қолданудың негізгі қағидаларымен бөлісті.
Өз баяндамасында ол стартап құрудағы басты қателіктерге тоқталып, «AI is an enabler — not the idea itself» (ЖИ — бұл идеяның өзі емес, оны жүзеге асырушы құрал) деген негізгі концепцияны ұсынды.

Workshop барысында талқыланған басты бағыттар:
 * Problem First: Кез келген жоба ең алдымен өзекті мәселені табудан және оны зерттеуден басталуы тиіс.
 * AI Role: Жасанды интеллект процестерді автоматтандыру, болжау және мазмұн генерациялау үшін қызмет етеді.
 *Value & Evidence: Стартаптың нақты құндылығын көрсету және ЖИ-дің қарапайым әдістерден артықшылығын дәлелдей білу маңызды.
Кездесу соңында студенттер спикерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, стартап бастау бойынша практикалық кеңестер алды. Мұндай бастамалар жастардың инновациялық әлеуетін арттыруға және теорияны практикамен ұштастыруға зор мүмкіндік береді.