Халықаралық студенттер күніне орай университетте қазақша КВН ойындары өтті!
17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында қазақша КВН ойындары ұйымдастырылды.
Ойынның әділ бағасын беріп, командалардың өнерін саралаған қазылар алқасының құрамында:
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Қартжан Нарқозы;
- Heriot-Watt халықаралық кампусының PR және рекрутинг менеджері Маралбек Сағынғанов;
- «Қабақ баба» қоғамдық қорының төрағасы, қоғам қайраткері Амантай Үмбетайұлы;
- Қаржы және инфрақұрылым жөніндегі проректор Гүлнар Есімқанқызы;
- «Фемида» командасының танымал ойыншысы Азамат Жадырасынов болды.
Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
🥇 І орын – Тарих және география факультеті (200 000 теңге);
🥈 ІІ орын – Кәсіби-шығармашылық факультеті (100 000 теңге);
🥉 ІІІ орын – Техникалық факультет (70 000 теңге).
«Үздік ойыншы» номинациясы Техникалық факультетінің ойыншысы Келаманов Бауыржанға бұйырды. 40 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға белсенділік пен көтеріңкі көңіл күй үшін алғыс білдіреміз.
Әзіл мен тапқырлық сынға түскен мерекелік шара Студенттер күніне ерекше серпін берді деп сенеміз. Тағы да мейрам құтты болсын!