Home page > International connections > Heriot-Watt университетінің ректоры Ақтөбедегі кампусқа келді
4
Heriot-Watt университетінің ректоры Ақтөбедегі кампусқа келді

Бүгін Heriot-Watt университетінің ректоры, профессор Нола Хьюитт-Дандас бастаған ресми делегация Ақтөбедегі кампусқа жұмыс сапарымен келді.

Делегация оқу-зертханалық базамен және студенттерге жасалған жағдаймен танысып, оқытушылармен және білім алушылармен кездесті. Кездесу барысында кампустың даму стратегиясы, білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру және бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын кеңейту мәселелері талқыланды.

Ақтөбедегі Heriot-Watt кампусы 2023 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында ашылды. Қазір мұнда студенттер ағылшын тілінде «Компьютерлік ғылымдар», «Электроэнергетика», «Мұнай инженериясы» және «Компьютерлік инженерия» білім беру бағдарламалары бойынша оқиды. Сабақтар Ұлыбританияның білім беру стандарттарына сәйкес өткізіліп, дәрістерді отандық және шетелдік профессорлар жүргізеді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттер Ұлыбритания, БАӘ және Малайзиядағы Heriot-Watt кампустарында білім ала алады. Кампустың алғашқы түлектері 2027 жылы оқуын аяқтап, Қазақстан мен Ұлыбританияның дипломдарын алады.