Home page > News > Студенттер мен жас зерттеушілерге арналған ашық семинар өтті
4
Студенттер мен жас зерттеушілерге арналған ашық семинар өтті

23 қарашада университетімізде «Студенттік зерттеулерге арналған бизнес-кейстерді әзірлеу: әдістер мен құрылымдар» тақырыбында ашық семинар ұйымдастырылды.
Семинар спикері — Назарбаев Университетінің ассистент-профессоры, зерттеуші, кейс әдісі бойынша халықаралық сарапшы Анжан Гхош. Академиялық және корпоративтік салада 25 жылдан астам тәжірибесі бар маман стратегия, кәсіпкерлік, қоғамдық мәселелер және посткеңестік контекст бағыттарында зерттеулер жүргізеді.
Кездесу барысында қатысушылар: 
* зерттеу жұмысына қажетті деректерді жинау әдістерін; 
* құрылымы жүйелі бизнес-кейс әзірлеу жолдарын; 
* ғылыми жұмысты конференцияға ұсынуға дайындау ерекшеліктерін меңгерді.

Жиын соңында студенттер мен жас зерттеушілер спикерге сұрақтарын қойып, өз ғылыми жобалары бойынша практикалық кеңестер алды.