Home page > News > Заң мен тәртіп — қауіпсіз қоғамның кепілі
4
Заң мен тәртіп — қауіпсіз қоғамның кепілі

Бүгін «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен студенттерге арналған профилактикалық кездесу өтті. Ақтөбе облысы Полиция департаменті мен Ақтөбе қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері жастардың құқықтық сауатын арттыру, құқық бұзушылықтың салдары мен заң алдындағы жауапкершілікті түсіндіру мәселелеріне тоқталды. Кездесуде полиция подполковнигі Азамат Абдушевич Кияшев, полиция майоры Балаби Әлиасқарұлы, полиция майоры Қуаныш Таңжарықұлы Мырзагелдин және полиция капитаны Даурен Саткарбекович Умирбаев сөз сөйледі.

Спикерлер есірткі және ұйымдасқан қылмыстың алдын алу, жастарды заңсыз әрекеттерге тартудан сақтандыру, буллинг, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі мен қоғамдық тәртіпті сақтау тақырыптарын қозғады. Кездесу соңында студенттер құқықтық жауапкершілік, жеке қауіпсіздік, интернет-алаяқтық және есірткі қылмысының алдын алу туралы сұрақтар қойып, мамандардан жауап алды.