Home page > News > САААЕ агенттігінің сарапшылары Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 25 білім беру бағдарламасын бағалауда
4
САААЕ агенттігінің сарапшылары Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 25 білім беру бағдарламасын бағалауда

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде 2026 жылғы 26-27 қараша күндері аралығында мамандандырылған аккредиттеу аясында сыртқы сараптау комиссиясы өз жұмысын жүзеге асырады.
Сапардың мақсаты – білім беру бағдарламалары сапасының заманауи академиялық талаптарға, еңбек нарығының сұраныстарына және сапаны қамтамасыз етудің халықаралық стандарттарына сәйкестігін тәуелсіз бағалау.
Мамандандырылған аккредиттеуден төмендегі білім беру бағдарламалары өтеді:
1. 6B07207-Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
2. 6В01404-Дене шынықтыру және спорт
3. 6В01504-Химия
4. 6В01505-Биология
5. 6В01902-Арнайы педагогика
6. 6В04101-Экономика
7. 6В04103-Есеп және аудит
8. 6В04104-Қаржы
9. 6В04105-Мемлекеттік және жергілікті басқару
10. 6В05101-Биология
11. 6В05201-Экология
12. 6В07101-Көлік, көлік техникасы және технологиялары
13. 6В07201-Тау-кен ісі
14. 6В07202-Мұнай-газ ісі
15. 6В07301-Құрылыс
16. 7М03101-Психология
17. 7М04101-Экономика
18. 7М04105-Мемлекеттік және жергілікті басқару
19. 7М05101-Биология
20. 7М05201-Экология
21. 7М06103-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
22. 7М07101-Көлік, көлік техникасы және технологиялары
23. 7М07201-Тау-кен ісі
24. 7М07202-Мұнай-газ ісі
25. 8D04101-Экономика
Сыртқы сараптау комиссиясының құрамы:
- Комиссия төрағасы: Жалғасбаева Ақмарал Амантайқызы (Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті).
- Білім беру бағдарламалары бойынша сарапшылар: Шильдебаева Ляззат Қадырбекқызы (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті), Бахтиярова Саягүл Жақсыбайқызы (М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті), Шукуров Адиетулла Кадилжанович (Баишев университеті), Шукурова Бибигайша Максутовна (Баишев университеті), Альпеисов Азамат Турусбекович (Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті), Суимбаева Айгерім Маратқызы (Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті), Сүлейменова Райхан Таупиховна (Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті), Жарылғапов Сабит Мұратұлы (Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті), Сдикова Гулия Жумгатиевна (М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті), Утаубаева Алма Уахитовна (М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті), Қайырғалиева Майра Ғайноллақызы (Баишев университеті), Шахманова Аяужан Қабдрашқызы (Нұржанова Мария Нарымбаевна), Нұржанова Мария Нарымбаевна (Баишев университеті), Бигалиева Альфия Замировна (Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті).
- Халықаралық сарапшы: Арслан Мехмет (Hasan Kalyoncu университеті).
- Стейкхолдерлер тарапынан сарапшылар: Жаракенова Гүлнұр Тағибергенқызы (жұмысберуші-эксперт, «Фитосанитария» КММ), Есауленко Эмиль Вячеславович (Білімалушы-эксперт, Баишев университеті).
- Координатор: Салкараев Жаксылык Косакбаевич (Білім беруді аккредиттеу жөніндегі Орталық Азия қауымдастығы (САААЕ)
Сапар аясында университет басшылығымен, оқытушылармен, білім алушылармен, түлектермен және жұмыс берушілермен кездесулер өткізу, сондай-ақ университеттің білім беру инфрақұрылымы мен ғылыми қызметімен танысу жоспарланған.